Өңірлер

Қазақстан премьер-министрі өңірлерді аралай бастады

© Sputnik / Сергей Мамонтов / Медиабанкке өтуБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші кезекте Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына аттанып, Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының жұмысымен танысты

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ел өңірлеріне жұмыс сапарымен аттанды; ең бірінші Шығыс Қазақстан облысынан бастады деп хабарлайды министрлер кабинетінің сайты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында әлемдегі ірі кәсіпорындардың біріне айналған Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының жұмысымен танысты. 

Б. Сағынтаевқа нысан құрылысы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы баяндалды. Бұдан соң карьердің шолу алаңында ҚР Премьер-Министріне кен алу технологиясы жайлы әңгімеленді, ал сәл кейінірек сульфид кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасында Премьер-Министрге кенді байыту технологиясы таныстырылды.

Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты KAZ Minerals Тобының жобасы болып табылады, ол Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында аттас кентке жақын орналасқан ашық түрдегі ірі кен орны. Әлемдегі игерілмеген ең ірі мыс кені орындарының қатарына кіреді. Бұл соңғы бес жылды алып қарағандағы ең ірі индустриалды құрылыс.

2016 жылы Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан тотықтандырылған кеннен мыс өндіру бойынша Ақтоғай кешені жобалық қуаттылығына шығарылды. Биылғы жылдың соңына қарай катодты мыс өндірісі көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Жаңалықтар
0