Өңірлер

Алматы облысында іс-түссіз жоғалып кеткен қыз аман-есен табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековОқушы қыз
Оқушы қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысынла екі апта бұрын жоғалып кеткен қыз табылды

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik.  Алматы облысы полицейлері екі апта бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қызды тауып алды деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

64-летняя жительница Оша Бааркан Калдыбаева - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қырғыз әйелі Қазақстанда жоғалып кеткен баласын 10 жылдан бері іздеп жүр

14 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы 3 наурыз күні Ескелді ауданы Байысов ауылы тұрғыны хабарлаған болатын. 

"Жоғалған оқушы қызды көрші Қаратал ауданынан таптық. Ол Үштөбе қаласындағы құрбысының үйінде қонақта болыпты, тұрған мекенжайын күнделікті ауыстырып отырса керек. Кеше ғана қызды аман-есен ата-анасның қолына табыстадық", — деп мәлімет берді полиция.

Жетінші сынып оқушысы үйінен жиі кетіп қалады екен. Қызды тәрбиелеп отырған жалғыз басты анасы ғана.

Жаңалықтар
0