09:52 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
ұялы телефон

Тараз колониясына кір жуғыш ұнтақтың қорабында ұялы телефон кіргізбек болған

© Sputnik / Елена Бережная
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Таразда ерекше тәртіптегі колония тұтқынына ұялы телефондар партиясын беріп жібермек болған

АСТАНА, 16 нау — Sputnik. Тараз қаласындағы ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері әскери бөлімнің қызметшілерімен бірлесіп, сотталғанға келген сәлемдемені тінту барысында "Большая стирка" кір жуғыш ұнтағының картон қағазына салынған 15 ұялы телефон және 3 қуаттағыш құралы тәркіленді

3 қуаттағыш құралын алды "Большая стирка" кір жуғыш ұнтағының картон қағазына салынған 15 ұялы телефон және 3 қуаттағыш құралы тәркіленді

Еліміздегі түзеу колонияларына тыйым салынған заттарды алып өту арналарының жолын кесу бойынша мақсатты жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде. Бүгінгі таңда тыйым салынған заттардың 90 пайызға жуығы оларды бас бостандығынан айыру орындарына өткізу әрекеті кезінде тәркіленеді. Оны тәжірибе көрсетіп отыр.

Ал УК-161/4 мекемесінің (Қостанай обл. Құсмұрын кенті) қызметкерлері мен әскери бөлімнің қызметшілері тағы да қырағылық танытты. Тәртіп сақшылары колонияның аумағына құрылыс материалдарын алып келген үлкен жүк көлігінің орындығының астынан бес литрге жуық спирттік ішімдік тәркілеген.

Кінәлілерді жауапқа тарту үшін екі жағдай бойынша да жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданды.

 

Басты тақырыптар