06:06 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Алматыда ағаш кесу

Алматыда ағаштарды кесуге рұқсат берген шенеунік қызметтен кетті

© Foto: Аккаунт Татьяны Сахаровой в Facebook
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Ағаштарды кесуге рұқсат қағазы еш негізсіз және қажетті шаралар жүзеге асырылмастан берілген

АСТАНА, 18 нау — Sputnik. Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мейірлан Нарымбетов қызметінен босатылды, деп хабарды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Желтоқсан және Жібек жолы көшелерінде автотұраққа орын дайындау үшін ағаштың кесілуі қоғамдық дау туғызды. Жүк көлігіне тиелген ағаштардың суреттері әлеуметтік желіде тарап кетті. 

Жеті ағаштың кесілуіне қатысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізілген.

"Ағаштарды кесуге рұқсат қағазы еш негізсіз және қажетті шаралар (орынға барып, ағаштардың жағдайын анықтамау) жүзеге асырылмастан берілгені анықталды. Осыған байланысты, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Және Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы, Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полициясы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оларға сөгіс жарияланды", — делінген хабарламада.  


Басты тақырыптар