23:52 24 Наурыз 2017
Тікелей эфир
Сары шмшық

Қазақстанда дүйсенбі күні қатты жел сақталады

© Sputnik / Илья Тимин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3 0 0

Кей жерлерде тұман күтіліп, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстік-шығыста кей жерлерінде көктайғақ болады.

АСТАНА, 20 нау – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі, деп хабалайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Ақмола, Павлодар, Қарағаңды облыстарының, түнде және таңертен Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Маңғыстау облысында, түнде және таңертен Атырау облысының кей жерлерінде тұман байқалады, күндіз желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күндіз екпіні 23 м/с күшейеді,түнде тұман мен көктайғақ күтіледі.


Басты тақырыптар