Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтужауын
жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай болуы мүмкін

АСТАНА, 24 нау — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, солтүстік- батыс, солтүстік, оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі, оңтүстігінде көбінесе жаңбыр түрінде.

Алматы облысының Жаланашкөл аймағында жел 18-23, екпіні  28 м/с, түнде кей жерлерінде  тұман бақыланады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,  күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, түнде және таңертен Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.                                                                


Жаңалықтар
0