Өңірлер

Павлодарда такси шопыры ерлігі үшін марапатталды

© Photo : ДВД Павлодарской областиПавлодарда такси шопыры ерлігі үшін марапатталды
Павлодарда такси шопыры ерлігі үшін марапатталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамға полиция алғыс хаты мен ақшалай сыйлық берілді

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Такси шопыры Қуаныш Құлжикенов бейтаныс адамның мүлкін қорғаудағы ерлігі үшін марапатқа ие болды: ер адам үйді тонап қашып бара жатқан ұрлықшыны көріп, ұстаған. 

ұстау, қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтауда орын алған дүкенді тонау видеоға түсіп қалды

Үй иелерінің жоқтығын пайдаланған 28 жастағы ұрлықшы әшекей бұйымдарды, тұрмыстық техниканы, тондарды, ішімдік пен иіс суды тонаған. Ұрланған заттарды жалпы сомасы 4500000 теңге. Алайда заттарды тонап қашып бара жатқан ұрыны жолай өтіп бара жатқан такси шопыры қолға түсіріпті.

Павлодар облысы ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев Қуаныш Құлжикеновке алғыс хат пен ақшалай сыйлық ұсынды. 

Ер адамға ерлігі мен ұрыны ұстаудағы батылдығы үшін алғыс айтылды. 

"Әйел адамның осындай жағдайға ұшырағанын көргенде, ойланбастан көмекке ұмтылдым. Менің орнымда кез келген адам осылай істер еді. Полиция ведомствосы мұны ескеріп, мерекеге орай ақшалай сыйлық беріп жатқанына ризамын", — деді Қуаныш. 


Жаңалықтар
0