Өңірлер

Алматы-Душанбе бағытындағы "Эйр Астана" ұшағы екі сағаттан бері кешіктіріліп жатыр

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуAirbus A320
Airbus A320 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рейс төрт сағатқа кешіктірілген: жолаушыларға салқын сусындар ұсынылды

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. "Эйр Астана" әуе компаниясының жолаушылары Алматыдан Душанбеге ұша алмай отырғандарына бірнеше сағат болды. 

Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы-Бішкек ұшағы техникалық себептерге байланысты қайта оралды

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ КС131 рейсін жергілікті уақыт бойынша 11:05-те аттандыруы тиіс еді.

Бастапқы берілген мәлімет бойынша, рейс төрт сағатқа кешіктірілген. Куәгерлер мұның себебін ұшақта ақау бар деп түсіндіреді. 

"Бұл рейсті екі рет кейінге қалдырды. Енді 16:30-да ұшуы керек деп отырмыз. Компания қызметкері ұшақтың сынып қалғанын айтты. Енді Орал әуе жолдарының ұшағын күтіп отырмыз. Мұнда барлығы қырыққа жуық адам бар", — дейді жолаушылардың бірі.

Әуе компанияның өкілдері жолаушылардан кешірім сұрап, салқын сусындар таратты.  

Жаңалықтар
0