01:16 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Балта

Учаскелік полицейді балтамен ұрған ауыл тұрғыны сотталды

© Public Domain
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
50 0 0

Сотталған азамат жаза мерзімін жалпы тәртіпті түзету колониясында өтейді

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Павлодар облысы Железин ауданының тұрғыны учаскелік полицейге күш қолданғаны үшін бес жылға сотталды деп хабарлады Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар айында учаскелік полицей Серік Сарымовтың ұялы телефонына қыз бала хабарласып, әкесі мен оның ағасының төбелесіп жатқандығын айтады. 

Сарымов хабарламаны алған бойда қызметтік көлікпен оқиға орнына келеді. Учаскелік полицейді көрген 53 жастағы үй иесі (қыздың әкесінің ағасы) ашуланып, полицейді балағаттап, үйінен қуа бастайды. Сол кезде полицей көзді ашытатын газ толтырылған баллонды қолданып, көлігіне қарай беттеген. Алайда полицейдің бұл әрекеті ер адамды тоқтата алған жоқ, ауыл тұрғыны билік өкіліне балтамен тап береді. Полицей сол иығынан балтамен соққы алғанына қарамастан, самбо әдісін қолданып, тәртіп бұзушыны құрықтайды. 

53 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 2-бөлігі (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша тергеу жүргізіліп,  қылмыстық іс сотқа берілді.

Железин аудандық сотының үкімімен құқық бұзушы айыпты деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған азамат жаза мерзімін жалпы тәртіпті түзету колониясында өтейді.

Загрузка...

Басты тақырып