Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда көл түбінен ұрланған қару табылды

© Photo : ДВД СКОСолтүстік Қазақстанда көл түбінен ұрланған қару табылды
Солтүстік Қазақстанда көл түбінен ұрланған қару табылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті тұрғынның қаруы былтыр маусым айында ұрланған болатын

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер  мен сүңгуірдер қатып қалған көл түбінен ұрланған қару ды тапты деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Марихуана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
СҚО тұрғыны пошта арқылы есірткі алып сатқан

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр маусым айында Мағжан Жұмабаев ауданы, Октябрь ауылы екі тегіс ұңғылы қару ұрланған. 

"Өңірде 27-31 наурызда өткізілген "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полицейлер күдіктіні анықтады – ол Булаево қаласының 38 жастағы тұрғыны екен. Күдікті ұрланған қаруды көл түбіне жасырып қойыпты", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полицейлер ұрланған қаруды алып шығу үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен көмек сұраған. 

Жаңалықтар
0