Өңірлер

Шахандағы жарылыс: іздеудегі от жағушының денесі түзден табылды

© SputnikЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмысшының қатып қалған денесі Шахан ауылы мен Саран қаласының арасындағы жапан даладан табылған

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысы Шахан аулындағы бес қабатты үйдің қазандығындағы жарылыс ісі бойынша іздеудегі от жағушының денесі түзден табылды деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Шахан кентінде үйдің опырылып түсуі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахандағы апат: оқ дәрі бөшкесіндегі өмір

Полиция мәліметінше, жергілікті тұрғындар Шахан аулы мен Саран қаласының ортасындағы жапан далада жұмысшының денесін тауып алған. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Далада қанша уақыт бойы жатқаны белгісіз, бірақ ер адам үсіп өлген деген болжам бар. 

"Жұмысшының денесі сараптамаға жіберілді", — деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жаңалықтар
0