Өңірлер

Ресейдегі полицейлердің өліміне қатысы бар күдікті Атыраудан табылды

© Photo : Пресс-служба ДВД АлматыІздеу
Іздеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, күдікті Астраханда қылмыс жасалғаннан бұрын Қазақстанға келген

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Астрахандағы полицейлердің өліміне қатысы бар күдіктілердің бірі Атырау облысынан табылды деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

"ҚР ҰҚК және ІІМ қылмысқа қатысы бар күдіктілерді іздеу мақсатында ресейлік әріптестерімен қарым-қатынас орнатып, шекарадан өткізу пунктерінде бақылауды күшейткен болатын. Кеше жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде іздеу жарияланған адамдардың бірі Ғизатов Әлібек Батырбекұлы (Қазақстанның тумасы, 1990 жылы туған) Атырау облысынан табылды", — деп хабарлайды комитет.

Ғизатов ел аумағына 31 наурызда кәсіпорындардың бірінде вахталық әдіспен жұмыс істеу үшін келген. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, ол қарулы шабуылға қатыспаған.

Қазіргі кезде қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін Ғизатовты ресейлік тарапқа беру мәселесі қарастырылуда.

Жаңалықтар
0