04:04 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Кісен

Қарағандыда жоғары лауазымды шенеунік парамен ұсталды

© AFP 2018 / Sandor Gemes
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
39 0 0

Жемқорлыққа қарсы ведомствоның мәліметінше, шенеунік кәсіпкерден пара алып жатқан жерде ұсталған

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Вадим Магамадов жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Тергеу барысында анықталғандай, Магамадов өкілеттігін асыра пайдаланып, кәсіпорын нысандарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны үшін салынған айыппұлдың көлемін заңсыз төмендетіп, сондай-ақ ұйғарымдарды орындау мерзімін ұзартқаны үшін заңсыз сыйақы алып отырған. Сейсенбі күні 4 сәуірде Магамадов кәсіпкерден 200 мың теңге пара алу кезінде ұсталып, Қарағанды полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот алды тергеу жүргізілуде.

Загрузка...

Басты тақырыптар