03:55 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Маржан Габбасова

Еліміздің басым бөлігінде күн жылынады

© Foto: из личного архива Маржан Габбасовой
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
39401

Алдағы күндері Ресейдің арктикалық аймағынан келген суық және ылғалды ауаның ықпалы әлі де болады.

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Алдағы күндері ел аумағындағы арктикалық ауаның ықпалына байланысты көптеген облыстарда қарлы жаңбыр түсіп, ауа температурасы төмен болады. Бірақ, синоптиктердің болжауынша, демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылынады. 

"Ресейдің  арктикалық аймағынан келген суық және ылғалды ауаның ықпалы әлі де болады. Сондықтан көптеген облыстарда бұрынғысынша ауа-райы бұлтты, кей жерлерде  жаңбыр, сулы қар, тұман түсіп, ауа температурасы қалыпты нормадан 2-4ºС төмен болады деп болжанып отыр", — дейді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Маржан Ғаббасова. 

Бірақ, синоптиктердің болжамы бойынша, ауа райы демалыс күндері қазақстандықтарды қуантады. 

"Бірте-бірте  тропосферлық  ағындар бағыты солтүстіктен  оңтүстік-батысқа қарай ауысады. Осы себепті 8 сәуірде Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашын толастап, ауа температурасы жоғарылайды", — дейді ол.

Батыс облыстарда қазірдің өзінде  таяу шығыстан келетін ауа ағынының әсерінен күн жылынып,  температура қалыпты нормадан 3-6ºС жоғары болады. 


Басты тақырыптар