04:01 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Ит

Атырауда балалардың көз алдында бұралқы итті атып тастаған

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
4 0 0

Желіде тарап кеткен бейнежазбада арнайы киім киген ер адамның иттің өлі денесін көлік тіркемесіне салып жатқан сәті түсірілген

АСТАНА, 6 сәуір— Sputnik. Атырауда жергілікті колледж маңында бұралқы итті жаяу жүргіншілердің көзінше атып тастаған. Желіде тарап кеткен бейнежазбада арнайы киім киген ер адамның иттің өлі денесін көлік тіркемесіне салып жатқан сәті түсірілген.

"Халайық, заман не болып барады? Тапа тал түсте аяусыз атып тастады. Әкім қайда қарап отыр? Неге мұндай тапсырма береді? Біресе көшеде өсіп тұрған ағаштарды кеседі, біресе ит-мысықты атып тастайды, оның үстіне, қаншама жұрттың көз алдында. Күн өткен сайын адам екенімізді ұмытып, айуан болып барамыз", — дейді әлеуметтік желі қолданушысы Нина Черкасова күйініп. Оқиға куәгерінің айтуынша, итті атып жатқан кезде, 15 жастағы бірінші курс студенттері колледжен шығып келе жатыпты.

"Бастапқыда бір рет атты, кейін жаралы ит қаша бергенде, тақап келіп тағы бір рет атты. Сол кезде ит сұлап түсті", — дейді куәгер.

Бұралқы иттердің көзін жою туралы ережеге сәйкес, Атырау елді мекендерінде жануарларды ату кезінде "тыныштық бұзылмай, сол аумақта тұратын халықтың мүдделері мен құқықтары сақталуы тиіс."

Бұдан бұрын Атырау облысында жеті жасар баланы бұралқы иттердің талап тастағаны туралы хабар шыққан болатын.

Басты тақырыптар