03:53 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Көктем

Жұма күніне арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Илья Тимин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
69 0 0

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, батыс пен орталықта ғана ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ, тұман болад, желдің екпіні — 15-20 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында төменнен соққан боран.

Қостанай, Ақмола облыстарында тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с, түнде Қостанай облысында — төменнен соққан боран, көктайғақ.

7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
© Foto: Қазгидромет
7 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел — 15-20 м/с, түнде кейбір аудандарда тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, түнде Жамбыл облысында желдің екпіні — 15-20 м/с.

Басты тақырыптар