04:10 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Бұзылған зират

Алматы облысында жасөспірімдер зиратты қорлады деген күдікке ілінді

© AFP /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

Полиция Алматы облысында зират басын талқандады деген күдікпен жасөспірімдерді ұстады.

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Алматы облысының полицейлері православиелік зираттарды қорлауға қатысы бар күдіктілерді анықтады деп хабарлайды өңірлік ішкі істер департаменті.

Жамбыл ауданы Қасымбек ауылы тұрғындары жергілікті зират басында 13 құлпытасты бұзғандарға бесінші сәуір күні шағым түсірген.

Полицейлер көп ұзамай бес күдіктіні анықтап ұстады. Олар 13 пен 15 жас аралығындағы мектеп оқушылары болып шықты.

Осы деректі тергеудің анық-қанығын тексеру барысында ҚР ҚК 294-бабы "Тағылық" ҚР ҚК 314-бабына "Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау" өзгертілді.

Басты тақырыптар