Өңірлер

Елімізде демалыс күндері күн жылынады

© Sputnik / Болат ШайхиновСаида Бердібекова
Саида Бердібекова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы демалыста еліміздің басым бөлігінде күн ала бұлтты болады. Кей жерлерде ауа температурасы 22 градусқа дейін жылынады.
Казахстанцев ожидают теплые выходные

"Қазақстан аумағынан суық фронттарды шығысқа қарай ығыстырған антициклонның ықпалымен еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері ауа райы ала бұлтты әрі жауын-шашынсыз болады. Тропосфералық ағындардың солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай ығысуы батыс облыстарда күннің жылынуына алып келді. Демалыс күндері қалған аумақта да ауа райы жылынып, температура әдеттегі нормадан 3-7ºС-қа жоғарылайды", — деп хабарлады "Қазгидромет" инженер-синоптигі Саида Бердібекова.

Батыс Қазақстандағы жайма-шуақ күндер ұзаққа созылмайды. Жексенбі күні Ресейдің еуропалық бөлігінен жаңбырлы әрі желді циклон келеді.

Елорда тұрғындарын алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа райы қуантпақ, температура 11-13 градусқа дейін жоғарылайды. Алматыда демалыс күндері 10-17 градус жылы болады.

Жаңалықтар
0