10:28 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Жолды су шайып кетті

Шығыс Қазақстан облысында "Семей-Долонь" жол учаскесін су шайып кетті

© Foto: пресс-служба ДЧС ВКО
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Су тасқыны (30)
8 0 0

Ертіс өзенінің тасуына байланысты жолды су шайып кетті.

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Ертіс өзенінің суы арнасынан асып тасуының салдарынан Бесқарай ауданындағы "Семей-Долонь" тас жолын су шайып кетті деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

Су шайған жердің тереңдігі 10-15 сантиметр, жалпақтығы — 20 метр. Оқиға орнында кезекшілік жүргізілуде.

"Жақын маңдағы елді-мекен — Бірлік ауылы бір шақырымдай жерде орналасқан. Су алып кету қаупі жоқ. Қазіргі уақытта судың тасуы тоқтатылды. Барлығы жеті көлік пен 16 адам жұмылдырылған", — делінген хабарламада.

"ОблШығысЖол" мәліметінше, бұл бағытта көліктің барлық түрлері үшін жол жабық. Семей-Бесқарағай-Долонь жолы арқылы айналып өтуге болады.

Тақырып:
Су тасқыны (30)

Басты тақырыптар