04:03 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Саида Бердібекова

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
26810

Жайма-шуақ күндердің орнын жаңбыр мен жел алмастырады. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына сүйенсек, соңғы күндері ауа райы жылы болғанымен, алда аздап күн суытады.

"Қазақстанның батыс облыстарына төніп тұрған циклон солтүстік-шығыс бағытта жылжып, еліміздің басым бөлігіндегі алдағы үш күнгі, яғни 11-13 сәуір аралығындағы ауа райына ықпал етеді. Сол себепті жауын-шашынды бұлтты ауа райы болуы ықтимал, негізінен жаңбыр жауып, кей жерлерде желдің екпіні 15-25 м/с болады. Температура төмендегенімен, әдеттегі нормадан 3-6ºС-қа жоғары болады", — деп хабарлады "Қазгидромет" инженер-синоптигі Саида Бердібекова.

Астанада 11 сәуір күні ауа райы көшпелі бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік шығысқа қарай ауысып, екпіні 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +1+3°С, күндіз +14+16°С. 12 сәуір – көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +1+3°С, күндіз +12+14°С. 13 сәуір – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні — 9-14 м/с. Температура түнде +2+4°С күндіз+12+14°С.

Алматыда 11 сәуір күні көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні — 0-5 м/с. Температура түнде +3+5°С, күндіз +19+21°С. 12 сәуір – көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел — 2-7 м/с. Температура түнде +8+10°С, күндіз +10+12°С.

Басты тақырыптар