10:35 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Құжат

Павлодарда әйел адам сегіз жыл бойы баласының туу туралы куәлігін ала алмаған

© Foto: Правительство для граждан
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Әйел адам сотта баласының туған анасы екенін дәлелдеуге мәжбүр болды.

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Павлодарда әйел адам сегіз жыл бойы баласының туу туралы куәлігін ала алмаған деп хабарлайды Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі.

2009 жылы 29 қыркүйекте Қазақстан азаматшасы, Павлодар қаласының тұрғыны үй жағдайында ер баланы дүниеге әкеледі. Содан кейін Азаматардың хал-жағдай актілерін тіркеу органдарына өтініш жазғанымен, туу туралы медициналық анықтама болмағандықтан, әйелге баласының туу туралы куәлігі берілмеген. Ал туу туралы куәлік жоқ екенін ескерсек, медициналық қызметке жүгіну де мүмкін болмапты.

Шарасыз ана баласының туғаны туралы деректі растау үшін сотқа арыз жазуға мәжбүр болады. Өз талаптарына дәйек ретінде әйел адам кәмелеттік жасқа толмаған баласының туған анасы екендігін дәлелдейтін генетикалық сараптама нәтижесін ұсынған.

"Осындай жайттарды ескере отырып, сот кәмелеттік жасқа толмаған баланың туу дерегін растады. Енді баланың ресми тегі, аты, әкесінің аты, туған күні бар, яғни ҚР азаматының барлық құқықтарын пайдалана алады", — деп хабарлады сот.

Басты тақырыптар