Өңірлер

Астанада қараусыз жануарларға арналған мемлекеттік оқшаулағыш салынады

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуит
ит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада үй-күйсіз қаңғып жүрген жануарлардың саны 7-10 мыңға жетеді

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қараусыз жануарларға арналған оқшаулағышта болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындарынан қаңғыбас жануарлардың шабуылдауы туралы шағымдардың жиілеп кетуіне байланысты шаһар басшысы Әсет Исекешев қараусыз жануарларға арналған орталық — Астана қаласы әкімдігінің жанындағы "Астанаветсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында болды. Статистикаға жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, 2017 жылдың 1 қаңтарынан 9 сәуіріне дейін "109 қызметіне" қала тұрғындарынан 337 шағым түскен.

Әкімнің оқшаулағышты аралауы барысында анықталғандай, "Астана ветсервис" мекемесінің мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау қағидаларына сәйкес, жануарларды 3 күн ұстап, көзін құртатыны анықталды. Ережеге сәйкес, жануарды үшінші тұлғаға беруге тыйым салынған. Жануарды өз қарауына алғысы келетін адам табылып жатса, оның иесі іздеу жұмыстары жүргізілмейді. Қолданыстағы ережеге сәйкес, қожайыны өз жануарын табады деген мүмкіндік өте төмен, өйткені қала тұрғыны дәл осы ұйымды ұзақ уақыт іздейді және тапқанның өзінде уақытша оқшаулағыштың аумағына өту үшін ұзақ процедурадан өтуге тура келеді. Жануардың иесіне аумаққа өтуге рұқсат берілмейтін жағдайлар да болып жатады.

Үй-күйсіз жануарлардың саны туралы мәліметтер жоқ. Қазіргі уақытта олардың саны шамамен 7-10 мың. Сонымен бірге, қалада "Асенка", "Ковчег", "Дорога домой" сияқты оқшаулағыштар бар, оларды иелері мен еріктілер өз қаржысына ұстап отыр.

Кәсіпорынның қызметімен танысып шыққан соң әкім еріктілермен және қауымдастықтармен бірге жануарларды аулау ережелерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді тапсырды.

Сонымен бірге, жануарларға арналған мемлекеттік оқшаулағыш салу бойынша ұсыныс енгізуді және науқас, қаңғыбас жануарларды қабылдайтын жеке меншік орталықтар мен қабылдағыштар құруды субсидиялау мәселесін қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, қала басшысы жауапты тұлғаларға бір апта ішінде мемлекеттік қабылдағыш құру туралы тұжырымдаманы әзірлеп, құрылыстың орнын және оның басталатын мерзімін анықтауды тапсырды.

Жаңалықтар
0