Өңірлер

Теміртаудағы су тасқыны: мысықтар да құтқарушылар назарынан тыс қалмады

© Photo : УЧС ТемиртауЧкалово ауылындағы су тасқыны
Чкалово ауылындағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысындағы бірнеше ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Теміртау түбіндегі Чкалово ауылындағы тасқын су біртіндеп қайтып барады. Соған қарамастан, салдармен күресу жұмыстары әлі жалғасуда: екі сорғышпен су сорылып, құтқарушылар жергілікті тұрғындарға көмектесіп жатыр.

Нұра және Шерубайнұра өзендеріндегі мұздың күрт еруі салдарынан өткен аптада Қарағанды облысын су басып кеткен болатын. Температураның 15 градусқа нөлден жоғарылауы да жағдайды одан бетер ушықтырды.

Теміртау маңындағы Чкалово ауылындағы 101 үйдің 49-ы суға кетіп, 137 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта, құтқарушылардың айтуынша, тасқын су біртіндеп қайтып барады.

Айта кетелік, әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбаларды бірінде төтенше жағдай қызметкерлері кішкентай қара мысықты құтқарып алды.

Жаңалықтар
0