19:11 20 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.43
  • EUR420.11
  • RUB5.58
Петропавл

ҚР мен РФ-ның шекара маңындағы ынтымақтастық форумы 2018 жылы Петропавлда өтеді

© Sputnik / Елена Бережная
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

Шекара маңындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Ресей форумын өткізу осымен екінші рет жоспарланып отыр. Жергілікті билік өкілдері уәде бергендей, іс-шараға дейін қаланы көркейту қажет

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. 2018 жылы Петропавл қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы ынтымақтастық форумы өтеді, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов тілшілермен кездесу барысында.

"Мемлекет басшысы форумды Петропавлда өткізу туралы келісімге қол қойды", — деп атап өтті ол.

Әкімнің айтуынша, Форумға дайындық аясында Петропавл қаласына Жамбыл көшесінен кіретін қақпаны реконструкциялау жұмысы басталады.

"Жеке сектордағы ескі үйлерді бұзып, халыққа есесін қайырамыз. Ол жерде биік, әдемі үйлер саламыз. Жобалаушылармен, құрылысшылармен талай рет ақылдасып, әдемі етіп жасауды ойластырдық. Себебі бұл қалаға кіретін негізгі жол. Және оған қаражатымыз да жеткілікті", — деді Ақсақалов.

Загрузка...

Басты тақырыптар