11:04 24 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD340.27
  • EUR396.31
  • RUB5.39
Су тасқыны

Қарағанды облысында төрт ауылдың тұрғындары су тасқынынан соң үйлеріне оралды

© Foto : Комитет по ЧС МВД РК
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Су тасқыны (33)
61 0 0

Қарағанды облысында су тасқыны салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған екі жүздей адам ауылдарына қайта оралды

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Су тасқыны салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген Қарағанды облысы төрт ауылының тұрғындары үйлеріне қайта оралды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның берген мәліметінше, 20 сәуір күні облыстың барлық өзендерінде су деңгейінің төмендеуі, қоймалардан судың жіберілуінің азаюы байқалады. Сағат 10 кезіндегі аухал бойынша Шерубай-Нұра, Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларында судың жіберілуі төмендеген.

"Өткен тәулік ішінде су деңгейінің төмендеуіне байланысты Чкалово, Сарытөбе, Андрейниковка, Огороды ауылдарының қауіпсіз жерге көшірілген 192 тұрғыны өз үйлеріне қайта оралды", — деп мәлімдеді Иманқұлов.

Суға кеткен аумақтардан барлығы 5,9 мың текше метр су сорғымен тартып шығарылған.

Тақырып:
Су тасқыны (33)

Басты тақырыптар