17:02 24 Қараша 2017
Тікелей эфир
Қойлар

Ер адам такси мен ішімдіктің ақысын біреудің қойымен төлеген

© Sputnik / Э. Литвинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
36 0 0

Ер адам малшы болып жалданып, алған қызметтерінің ақысын бағып жүрген қойларымен төлеп отырған

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Исатай аудандық соты Атырау облысындағы отарлы жайылымнан тоғыз қойдың ұрлануы туралы қылмыстық істі қарады, деп жазады "Ақжайық" өңірлік басылымы.

Былтыр шілде айының соңында Аққыстау ауылының тұрғыны Тұщықұдық ауылдық округінде орналасқан "Көшеқара" елді мекенінде мал шаруашылығымен айналысатын адамға қойшы болып жалданады. Алғашқы күндердің бірінде жайылымда жүрген малшы танысына хабарласып, азық-түлік пен ішімдік әкеліп беруін сұрайды да, ақысын қоймен өтейтінін айтады.  Танысы үш рет жайылымға келіп, қызметінің ақысы үшін екі қойдан алып отырған.

Тағы бір қойды шопан арақ пен темекі бергені үшін басқа бір ауылдасына төлеген екен.

Түйелер
© Sputnik / Михаил Воскресенский

Және бір жолы қойшы өріске асығып бара жатады да, автокөлік мінген екі аққыстаулыққа жеткізіп салыңдар деп, ақы ретінде бір-бір қойдан береді.

Бірде мал иесі жоғалып кеткен тоғыз қойды іздеп, әрқайсысын 50 мыңға бағалайды. Ақыры соңында малшыға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сот оны екі жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, бірақ рақымшылыққа байланысты негізі жазадан босталыпты.

Басты тақырыптар