Өңірлер

Алматы әуежайында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді

© Photo : Акимат АлматыАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қатер төнген сәтте өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіру мақсатында ЭКСПО-2017 қарсаңында оқу-жаттығулар жүргізілмек

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. 21 сәуір күні Алматы әуежайында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлады қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Президент Мәсімовке ЭКСПО көрмесінің қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды

Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмеге дайындық аясында терроризмге қарсы күрес бойынша қалалық жедел штабы жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу іс-шарасын өткізеді.

Жедел қызметкерлер транспорттық инфрақұрылым нысанында қатер туындаған кезде өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгеру мақсатында жаттығады.

Оқу-жаттығулар жарылғыш құрылғыларды тауып, зарарсыздандыру, тұтқындарды босату және террористтерді бейтараптау арқылы терроризм актісіне жол бермеу механизимдерін жетілдіруге бағытталған.

Жаңалықтар
0