16:35 21 Шілде 2017
Тікелей эфир
Су тасқыны

Су басу қаупі салдарынан Петропавлдың үш шағын ауданы қауіпсіз жерге көшірілмек

© Foto: Комитет по ЧС МВД РК
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Су тасқыны (30)
27 0 0

Тұрғындардың көпшілігі үйлерін тастап кеткісі келмейді, бірақ билік өкілдері мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге уәде беріп, міндетті түрде көшу керек деп отыр

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Петропавлда эвакуациялық пункттердегі орындар саны көбейтілуде — су басу қаупі төніп тұрған аудандардан тұрғындарды көшіру жоспарланған.

Қала түбінде орналасқан Кожевенный, Заречный ауылдары мен орталыққа жақын жердегі Подгора шағын ауданында су басы қаупі туындаған.

Эвакуация уақыты Петропавл қаласынан бірнеше шақырым жерде орналасқан Бәйтерек ауылына келген судың деңгейіне байланысты белгіленеді.

"Соған байланысты шешім қабылдаймыз, бірақ халықты қайткенде де қауіпсіз жерге көшіру керекпіз. Көпшілігі бірдеңесі болар деп, эвакуациядан бас тартып жатыр. Бірақ қауіпті жерлерден көшуден басқа амал жоқ", — деді Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев.

Тақырып:
Су тасқыны (30)

Басты тақырыптар