09:53 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
ЭКСПО-2017

Елбасы: мемлекет "ЭКСПО-2017" көрмесіне көп қаражат шығарды

© Sputnik / Ксения Воронина
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі (87)
112 0 0

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуына 50 күн қалды

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik, Айымгүл Әбіл. "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуына аз күн қалды. Уақыттың тығыздығына байланысты қалған шаруаны созбай, тезірек тындыру керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының дамуы және "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент еліміз үшін өте маңызды "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылуына 50 күн қалғанын атап өтті.

"Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігімізді айтқан болатынбыз. Соның ең үлкені —халықаралық деңгейдегі көрмеміз. Ол Қазақстанның, халықтың дәрежесін тағы бір сатыға көтеруі керек. Бұл тұңғыш рет ТМД мен Шығыс елдері ішінде өткізейін деп отырған шарамыз", — деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, көрмені абыроймен өткізу мемлекетке, үкіметке, халыққа, жалпы барлығымызға үлкен сын. Көрмеге әлемнің 115 мемлекеті және 21 халықаралық мекеме қатысқалы отыр. 2,5 млн-ға жуық турист келеді.

"Қазір дайындық жұмыстарының соңғы деңгейіндеміз. Көп шаруа бітті. Өздеріңіз білесіздер, мемлекет көп қаражат шығарды. Біріншіден, қалған уақыттың тығыздына байланысты істелетін шаруа әлі көп. Екіншіден, Астана "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылуына дайын болуы керек. Миллиондаған адамды қабылдау мәселесі, олардың барлығына қажетті жағдайды жасау, жататын жері, тамақ ішетін орны, емделетін жері, жүретін көлік жолы – осының бәрі қаланың мойнында болады. Бүгін біз екі мәселе бойынша кездесіп отырмыз. Бірінші — қаланың дайындығы, екінші — "ЭКСПО-2017" құрылысының дайындығы", — деді Президент отырыста аша отырып.

Тақырып:
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі (87)

Басты тақырыптар