03:28 27 Сәуір 2017
Тікелей эфир
Ерлан Сағадиев

Сағадиев сегіз жасар бүлдіршінді құтқарған оқушыға алғыс айтты

© Foto: министерство образования и науки Казахстана
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
17 0 0

Қызды азғыннан құтқарып қалған бозбала ерлік жасадым деп санамайды, сыйақыдан да бас тартты

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматы облысының мектеп оқушысына сегіз жасар қызды педофилден құтқарып алғаны үшін алғысхат жолдады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

"Құрметті Тимурбек Тахиругли! Саған адам өміріне араша түскен ержүректігің үшін алғыс білдіремін. Көрсеткен ерлігің өскелең ұрпаққа үлгі болады деп сенемін. Үлкен өмірге басқан қадамың сәтті болсын, болашақта биік белестерден көріне бер", — делінген министрдің хатында.

Айта кетейік, Алматы облысы Түрген аулында оқушы қыздың өміріне 14 сәуір күні қауіп төнген болатын, мас ер адам ауыл шетінде бүлдіршінге тиіспек болыпты. Тимурбек Жамаладдинов қызды азғынның қолынан аман алып қалған еді.

Басты тақырыптар