09:54 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Су басу

Солтүстік Қазақстанда Есіл өзенінің деңгейі 14 метрден асып кетті

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Су тасқыны (30)
33 0 0

Су деңгейі шектік көрсеткіштен екі метрдей асты, көп ұзамай Петропавл қаласына дейін жетеді

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніндегі судың көтерілу деңгейі осы уақытқа дейінгі ең жоғары көрсеткіштен екі метрдей асып кетті.

"Таңертең сағат 8-дегі ахуал бойынша, Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 59 сантиметрге төмендеді, су Есіл өзенімен ағып келеді. Бүгін Покровка ауылында ең жоғарғы деңгейге жетеді деп мөлшерлеп отырмыз. Таңертең су деңгейі 14 метр 24 сантиметрге жетті, яғни бұл осы уақытқа дейінгі шектік көрсеткіштен 1 метр 89 сантиметрге асып кеткен. Ертең де су деңгейі жоғары болады", — деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, Петропавл қаласындағы өзен алқабына су 22-24 сәірде жетеді. Су деңгейінің көтерілуі бірнеше күнге созылады — 29 сәуірге дейін. Жолдарды су шайып кетпес үшін тиісті шаралар атқарылуда.

Тақырып:
Су тасқыны (30)

Басты тақырыптар