03:29 27 Сәуір 2017
Тікелей эфир
Вид на летное поле из командно-диспетчерского пункта аэропорта, архивное фото

Қорғаныс министрлігі Астананың әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдамаған

© Sputnik / Алексей Куденко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
11310

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери дайындыққа байланысты елордалық әуежай қызметінде болатын өзгерістер туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. ҚР Қорғаныс министрлігі Астана әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдаған жоқ деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан "Астана" және "Қарағанды" аэродромдары аудандарында әуе кеңістігін пайдалануға ешқандай шектеу қойылмағандығы туралы хабарлаймыз", — делінген хабарламада.

Ведомство мәлімдемесінде атап өтілгендей, әскери әуе кемелерінің белгіленген жол бағыттары азаматтық авиалайнерлердің "Астана" аэродромынан ұшып-қону кезіндегі ұшу кестелеріне кедергі жасаған жоқ. Сонымен қатар, жаттығулар аяқталғанға дейін азаматтық әуе кемелерінің ұшуына тиым салу шешімі Астана қаласы әуежайының диспетчері тарапынан өз бетінше қабылданған.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі кезде әскери авиацияның парадқа дайындық күні мен қысқа уақыттық шектеулер уақыттары нақтыланған және аэронавигациялық ақпаратқа (NOTAM) өзгерту енгізу туралы хабарламаға енгізілген, бұл авиакомпанияларға ұшып-қону уақыттарын уақтылы реттеуге мүмкіндік береді.

Басты тақырыптар