Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде жауын шашын түседі

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман болып, екпінді жел соғады.

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республикамыздың батысында, солтүстік-батысында және солтүстіктің кей жерлерінде жаңбыр сақталады, шығыста жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Жамбыл, Атырау облыстарында, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.

Жаңалықтар
0