Өңірлер

Атбасар түбінде суға кеткен зейнеткердің денесі іздестірілуде

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
72 жастағы жергілікті тұрғын тік жардан құлап кеткен, бұл оқыс оқиға деп қарастырылып отыр

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Ақмола облысы Атбасар ауданында Жабай өзенінің арнасынан белгісіз жағдайларда суға кеткен ер адамның денесі іздестірілуде, деп хабарлады Атбасар ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Құтқарушылар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Атырау облысында екі жасар бүлдіршін суға құлап, батып кетті

"1945 жылы туған жергілікті тұрғын 18 сәуір күні Жабай өзеніне құлап кеткен, содан бері жан-жақты іздестірілгенімен, әлі еш нәтиже берген жоқ. Қарт адамның қалай құлағаны белгісіз, деректер АІІБ-де қарастырылып жатыр", — деп мәлімет берді Атбасар төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі.

Ер адам Жабай өзеніне құлаған жерде тік жар бар екені белгілі. Соған қарағанда, бұл оқыс оқиға болуы ықтимал.

Жаңалықтар
0