21:11 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Девочка закрыла лицо руками

Екібастұзда жас ана мен аяғы ауыр әйел балаларды тонаған

CC0 / Jeevan
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

Павлодар өңірінің тәртіп сақшылары кәмелеттік жасқа толмағандарды тонаумен айналысқан әйелдерді ұстады

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Екі әйел адам Екібастұз көшелерінде бастауыш сынып оқушыларын тонаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция берген мәлімет бойынша, тонаушы әйелдер мынадай схемамен әрекет еткен: әуелі жәбірленушілерге келіп, "Не қарайсың?", "Неге күлесің?" деп сұраған. Содан соң дөрекілік танытып, қорқытып, балаларға психологиялық қысым көрсету арқылы алтын сырғаларын, ұялы телефондарын тартып алады екен.

Ұрлаған алтындарын бірден ломбардқа өткізіп, ұялы телефондарды сатып жібереді. Бір-екі күн ішінде күдіктілердің қолынан үш бала зардап шеккен, негізінен бастауыш сынып оқушылары.

Ұсталған әйелдердің жасы 22 және 24-те. Біреуінің аяғы ауыр, ал екіншісі екі жасар ұл тәрбиелеп отыр.

Аталған дерек бойынша "Тонау" бабына сәйкес сот алды тергеу ісі жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Басты тақырыптар