14:01 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD342.49
  • EUR400.85
  • RUB5.51
Гамбургер

Атырау тұрғынының бутербродынан құрт табылған

© Sputnik / Петр Чернов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Бутербродтан тірі құрт табылғаны туралы бейнежазба Instagram желісінде жарияланды

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Желіде пайда болған бейнежазбада ер адам бутербродтан шыққан тірі құртты түсіріп алыпты, оны Атыраудағы супермаркеттердің бірінен сатып алған екен. Бейнежазбаны сегіз мыңнан астам адам көрген.

 

 

"Мой город" жергілікті басылымына "Байзар" сауда орталығындағы бутерброд сатып алынған "Marco" гипермаркетінің коммерциялық директоры мәлімдегендей, тірі құртты бутербродқа бәскелестері салып жіберген болуы мүмкін.

"Біз сотқа шағым түсіреміз. Мұндай жалған ақпаратты таратқан адамды тапсын деп полицияға арыз жазамыз. Өлі құрт болса, оның жөні бір бөлек. Біз өндірісте мұқият тексеру жүргіздік, тірі құрттың табылуы мүмкін емес. Бұл бәсекелестердің ісі болса керек. Заңгерлеріміз мұны қолға алды. Біз өнімдерді термикалық өңдеуден өткіземіз, СЭС те жиі тексеру жүргізіп тұрады, бұлай болуы мүмкін емес", — деді коммерциялық директор Әсем Адаева.

Басты тақырыптар