20:51 26 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Кісен

Тойларда жұрттың қалтасына түсіп жүрген ұры ұсталды

© Public Domain
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
14310

Ұсталған азамат - Оңтүстік Қазақстан облысының 34 жастағы тұрғыны, Алматы мен Астанада ұрлықпен айналысқан деген күдікке ілінді

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тойларға еш шақыртусыз барып, жұрттың қалтасына түсіп, ұялы телефондарын ұрлап жүрген жігіт туралы әлеуметтік желіде жарияланған мәліметті тексерді, деп хабарлайды Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Жедел іздеу шаралары барысында 1983 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды, ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.

"Жігіт расымен де жиын-той өтіп жатқан мейрамханаларға жиі барып тұрған. Әсіресе үйлену тойларын жақсы көреді екен. Құдалар жағынан келген қонақпын деп танысқан ер адам тойда көңіл көтеріп қана қоймай, ұрлық жасайды. Үстелдерге қалдырып кеткен ұялы телефондарды білдіртпей алып, тайып тұрады екен. Аудан бойынша мұндай жайт жеті рет қайталаныпты", — деп мәлімет берді Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Есен Искаков.

ҚР Қылмыстық кодексінде қарастырылғандай, бірнеше мәрте ұрлық жасаған адам бес жылға сотталып немесе бас бостандығы шектелуі мүмкін әрі мүлкі де тәркіленеді.

Н. есімді азаматтың Астанада да ұрлық әрекеттер жасағаны туралы деректер бар. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Басты тақырыптар