Өңірлер

Алматы түбінде жоғалып кеткен қыз бір айдан соң табылды

CC0 / / Қыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ата-анасы қызды бір ай бойы өздері іздеген, содан кейін ғана полиция мен БАҚ көздеріне хабар берген

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Алматы түбінде із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы Зернеш Серікбаева Тараздан табылды, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі халықтан көмек сұрады

Қарасай ауданы Қырғауылды ауылының тұрғыны Зернеш Серікбаева 17 сәуір күні із-түссіз жоғалып кеткен. Бір ай бойы қызын іздеп таба алмаған ата-анасы БАҚ көздері арқылы халықтан көмек сұрап, полицияға ресми арыз жазады.

Жоғалып кеткен қызды іздеуге Қарасай ауданы полицейлері мен облыстық іздеу бөлімінің жедел қызметкерлері жұмылдырылды.

Кейінірек анықталғандай, қыз бір ай бойы Алматы қаласындағы көлік жуу орындарының бірінде жұмыс істеген, біраз күн бұрын туған әпкесі тұратын Тараз қаласына кетіп қалыпты. Қазір қыз ата-анасының үйінде.

© Photo : Ата-анасы ұсынғанЗернеш Серікбаева
Зернеш Серікбаева - Sputnik Қазақстан
Зернеш Серікбаева

Полиция қыздың неліктен үйден жиі қашып кететінін тексеріп жатыр.

Жаңалықтар
0