20:53 26 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Әжей

Біреудің төлқұжатын тауып алған әжейді полиция бірнеше сағат бойы тергеген

© Sputnik / Константин Чалабов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1053 0 0

Тауып алған құжатты иесіне қайтарып бермекші болған зейнеткерден полиция жауап алып, үйін тінткен

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Біреудің төлқұжатын тауып алып, иесіне қайтармақшы болған зейнеткер әжейді полиция бірнеше сағат бойы тергеген, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылымның берген мәліметінше, 72 жастағы Валерия Купцова саяжайдан үйіне қайтып келе жатып, жолдан Германия азаматшасының төл құжатын тауып алады, жанында заттары шашылып, сөмкесі де жатыр екен. Әйел адам заттардың ұрланғанын бірден біліп, құжаттың иесін іздемекші болады. Миграциялық белгіде құжат иесінің келген мекенжайы көрсетіліпті.

Зейнеткер телефонын тауып алып, құжат иесімен хабарласып, кездесуге келіседі.

"Келіскен жерде кездестік, ол мені құшақтап, игі ісім үшін не қалайтынымды сұрады. Мен ешқандай сыйақы керек емес дедім, сол кезде бізге екі полицей жігіт жүгіріп келіп, маған айғалап, ол заттарды қайдан алғанымды сұрай бастады. Бәрін айтып бердім… Сөйтіп, саяжайға бардық. Әлгі жерді таптық. Кейін полицейлер менің саяжайымды тінтеміз деді. Ал құжат иесін үйіне қоя берді. Саяжайымның кілтін үйіме қалдырып кеткен болатынмын, сөйтіп олар дуалдан өрмелеп кірді. Ол жерден не іздегенін білмеймін", — дейді Валерия Купцова басылымға берген сұхбатында.

Содан соң полицейлер әйел адамның пәтерінде тінту жүргізіп, бүкіл телефон қоңырауларын тексерген, кейін жауап алу үшін полиция бөлімшесіне апарған.

Кейінірек белгілі болғандай, Орал қаласына келген Германия азаматшасын белгісіз бір жігіт подъезде тонап кетіпті. Полиция зейнеткерден ұрлықшылармен сыбайлас па екендігін сұрастырып, біраз уақыттан соң қоя береді.

Полиция берген мәліметке жүгінсек, әйел адамды бір жарым сағаттай ұстаған екен, Германия азаматшасын тонау туралы іс бойынша куәгер болыпты.

Басты тақырыптар