Өңірлер

Қурайлыда соққыға жығылған Кристинаның туған анасы қызы жатқан ауруханаға барып қайтты

© Photo : газета "Эврика" Анастасия ЗюзинаКристина Шустер
Кристина Шустер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеті жасар Кристина Шустер анасын танымай қалса да, сөйлескенін айтады

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Әкесінің отбасында соққыға жығылған Кристина Шустердің туған анасы қызын көру үшін ауруханаға келді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде балаға жәбір көрсеткен ерлі-зайыптылар өз-өздеріне қол жұмсады

Қатты соққыға жығылып, миы шайқалған Кристина өткен апатада ауруханаға жатқызыған болатын. Ал оның туған әкесі мен өгей шешесі — Владимир Шустер мен Әсел Дүйсенбаева бірнеше күн бұрын телемұнарадан секіріп қаза тапқан.

Кристинаның айтуынша, ол анасын танымапты. Әйел адам қызын бір жасқа толар-толмас кезінде тастап кеткен. Содан соң Кристина үш жасқа дейін балалар үйінде тұрады да, кейін әкесі өз қолына алады.

"Әуелі оны танымадым… "Есіңде ме, мен сенің анаңмын", — деді. Балалары барын айтты. Ағам мен сіңлім. Сіңлім балабақшаға, ағам мектепке барады екен", — деп әңгімелейді қыз.

Анасы оған келіп тұрамын деп уәде беріпті, бірақ үйіме алып кетемін демепті. Әкесі мен өгей шешесінің қаза тапқанын Кристина әлі білмейді. Оларды түрмеге отырғызған екен деп ойлайды.

Жаңалықтар
0