02:31 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Талғар ауданындағы көшкін

Алматы облысы Талғар ауданында көшкін жүрді

© Foto: предоставлено КЧС МВД РК
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
34 0 0

Көшкін электр желілері мен телефон байланысы бағаналарын құлатқан

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданында "Түйе" тауынан көшкін жүрді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.

Архивно фото схода лавины
© Sputnik / Анатолий Устиненко

Алматы облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабарлағандай, 19 мамырға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында Талғар бөгетінен 500 метр төменірек "Түйе" тауынан көшкін жүрген. Көшкін Талғар автожолы мен "Спутник" демалыс орнын басып қалып, электр желісі мен телефон байланысының екі бағанасын құлатты.

Сағат 01:00-де автокөліктерді қауіпті аймаққа кіргізбеу туралы полицияға нұсқау берілді.

"Алматы облысында көшкін қаупі сақталады. Көшкін массасының жалпы көлемі 50 мың метр кубты құрады. Оқиға орнында Талғар ауданындағы төтенше жағдайлар туралы ескерту және салдарын жою комиссиясы мен ҚР ІІМ ТЖК Талғар бөлімі мамандары жұмыс істеп жатыр", — деп атап өтті төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Басты тақырыптар