22:34 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Аурухана

Атырау облысында әйел емшіге қаралған соң көз жұмған

© Sputnik / Андрей Стенин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
36402

Айыбын мойындауға келіскеннен соң халық емшісін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. "Емші" өзіне қаралған науқас көз жұмғаннан соң бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі жұма күні.

Іс материалы бойынша, жәбірленушінің ұлы телефон арқылы емшімен келісіп, ІІ топ мүгедегі, анасын емдеуге апармақшы болады.

Әйел адам полиартрит дертіне шалдығып, 13 жыл бойы төсек тартып жатқан көрінеді.

"Емдеу барысында емші әйелдің аяғын бар күшімен тартып, тізелерін қолымен басқан. Жәбірленуші шыдай алмай, жан дауысы шығып, есінен танып қалады. Содан кейін жедел жәрдем шақыруға тура келген. Әйел адам аудандық ауруханада жарақаттан есеңгіреу салдарынан көз жұмды", — деп хабарлады сот.

ҚР ҚК 104-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот талқылауы барысында сотталушы мен оның адвокаты және аудандық прокурор арасында айыпты мойындау туралы процестік келісім жасалған. Атырау облысы Махамбет аудандық соты "емшіні" айыпты деп танып, бір жылға бостандығын шектеу жазасына кесті.

Басты тақырыптар