Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

© AFP 2024 / DANIEL LEAL-OLIVASкөктем
көктем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік-батыс аймағының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста тұман болады

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik Қазақстанның  басым бөлігіне антициклонның жотасы әсер етеді, сол себептен ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс және қиыр солтүстікте атмофералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр найзағаймен болады.

Ақмола, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.  Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз шаңды дауылмен.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с, тұман болады. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі.

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 4 градус аяз, Павлодар облысының кей жерлерінде топырақ беткейінде 2 градуска дейін үсік күтіледі.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.                                                                                                                          


Жаңалықтар
0