Өңірлер

Қарағанды облысында құны 30 миллион теңге көлікті айдап әкеткен

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуКөлік ұрлаушы
Көлік ұрлаушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті оқиға орнынан 80 километрдей жерде ұсталды

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Көлік тұрағы аумағынан құны 30 миллион теңге жол талғамайтын көлікті айдап әкетті деген күдікпен Астана тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Алматыда Volkswagen Golf автокөлігін айдап кетіп, қиратқан. - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда бөтеннің көлігінде жол апатын жасаған автомобильді айдап әкетушіні іздеп жатыр

Ведомство мәліметінше, күдікті автокөлік тұрағы күзетшісінің салғырттығын пайдаланып, Lexus LX 570 көлігін таңғы бес кезінде айдап әкеткен. Ұрлықты автокөлік иесі байқап, бірден полицияға хабар береді.

Ұрлықшы Қарағандыдан 80 шақырымдай қашықтықта Ошағанды ауылында ұсталды. Қазіргі уақытта 34 жастағы Астана тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жаңалықтар
0