Өңірлер

Елордалық такси ағылшынша "сөйлейді"

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтутакси
такси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық такси Friendly Taxi арнайы қызметін іске қосты

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. EXPO-2017 көрмесінде елордалық такси жүргізушілері шет тілінде сөйлейді. Оларға бұл істе Астананың бірыңғай такси қызметінде қосылған Friendly taxi ақпараттық жүйесі көмектеседі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы, деп хабарлайды қала әкімдігің медиа орталығы. 

"Сервис іске қосылды. Біз оны пилоттық режим ретінде өткен жылдың желтоқсан айында бастағанбыз, содан бері жұмыс істеп тұр. Алайда Friendly taxi жазуы жапсырылған мамандандырылған такислерде сервис орнатылған", — деді Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы тілшісіне берген сұхбатында "Астана Конвенш Бюро" ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков. 

Пәкістанда тек әйелдерге арналған такси жұмыс бастады - Sputnik Қазақстан
Әлем
Пәкістанда тек әйелдерге арналған такси жұмыс бастады

Аталған сервис Астананың бірыңғай таксопаркінде қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр. Ол ЭКСПО-ға келетін туристерге тіл мәселесін шешуге көмектеседі. Бірыңғай таксопарктегі ақпараттық жүйе 250-300 көлікке орнатылады деп жоспарлануда.

"Бұлқызмет түрін не үшін іске қостық? Біріншіден, жүргізушілерді шет тілдерінеоқыту мүмкін емес. Өйткені, такси жүргізушілерінің көбісі бұл жұмыста тұрақсыз.Шетелдік мейман әуежайдан таксиге отырғанда бірден көлікте орнатылғанэлектронды ақпаратты көрсеткіштің көмегімен қажетті тілді таңдап алады, алтакси жүргізуші call-орталықтағы операторлармен байланысқа шығады. Кейін оларақпаратты аударып отырады", — дейді Асқар Адамбеков. 

Бүгінгі күні Астанадағы бірыңғай таксипаркі жүрген жолының қашықтығын және оған тиісті ақы мөлшерін көрсетіп отыратынқұрылғымен 100-ден астам автокөлікті жабдықтады. Ресми таксилерге көптегенжеңілдіктер қарастырылған. Оларға автобустарға арналған жолақтармен қатынауғарұқсат. Сондай-ақ, ірі ойын-сауық орталық кешендері, теміржол вокзалдары менәуежай алдындағы арнайы мамандандырылған тұрақтарға тоқтауға мүмкіндік қарастырылған.


Жаңалықтар
0