Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбіде күн құбылмалы болады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады,  кей жерлерде жаңбыр найзағаймен бірге күтіледі, тек республиканың батыс,солтүстік-батыс және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Солтүстік  Қазақстан облысында  жел 15-20,  кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, обылыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Жаңалықтар
0