Өңірлер

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

© AFP 2024 / DANIEL LEAL-OLIVASгүлдер
гүлдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде тұман, жел шаңды дауылмен болады

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Қазақстанның  басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, тек батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр найзағаймен болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде  жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

 Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, күндіз  Алматы, Павлодар облыстарында  жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.  

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Жаңалықтар
0