Өңірлер

Алматы облысында ірі есірткі сауда желісі анықталды

© AP Photo / Felipe DanaКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есірткілік заттарды сатумен айналысатын жерлердің мекенжайы анықталып, қылмыстық топ мүшелері ұсталды

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Алматы облысында полиция есірткі сатушылар тобын анықтап, құрықтады, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Интернет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда 60-тан астам сайт есірткі таратқаны үшін бұғатталды

Өңірдегі есірткі тасымалдау каналдарын анықтауға бағытталған жедел шаралар Текелі және Талдықорғанда жүргізілген. Нәтижесінде полицейлер есірткі сатумен айналысатын жерлерді анықтап, сатушыларды қолға түсірді.

"Бұл бірнеше сату орны бар ірі сауда желісі болып шықты. Текеліде үш мекенжайы анықталды, ол жерде өсімдіктен өндірілген есірткілер сатылған. Оларды сатып таратумен айналысқан күдіктілер қамауға алынды. Күдіктілерден бір жарым килограмм марихуана алынып, қылмыстық өндірістің материалы ретінде берілді", — деп хабарлады полиция.

Жыл басынан бері өңірде 54 есірткі сатушы жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар
0