Өңірлер

Астанада 28 мамырдан 8 маусым аралығында №34 маршруттың бағыты өзгереді

© Sputnik / Ксения Воронинаавтобус
автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейсеков көшесіндегі Қосшығұлұлы көшесінен Тілендиев көшесіне дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Астанада 28 мамырдан 8 маусым аралығында №34 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарланады елорда әкімдігінің ресми сайтында. 

Жолаушылар көлігі басқармасының хабарлауынша, Ш. Бейсеков көшесіндегі Қосшығұлұлы көшесінен Н. Тілендиев көшесіне дейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты 28 мамырдан 8 маусымы аралығында осы жол учаскесі жабылады.

Осыған байланысты № 34 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгертіледі:

"Алай – Astra" көліктік орталығы" бастапқы аялдамасынан Қосшығұлұлы – Бейсеков көшелері қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай Қосшығұлұлы көшесімен тура – Ардагер көшесіне оңға – Ақан сері көшесіне оңға – Н. Тілендиев көшесіне солға қарай қолданыстағы сызба бойынша. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызба бойынша.


Жаңалықтар
0