Өңірлер

Мәскеудегі дауыл: 11 адам қаза тауып, 50-і зардап шекті

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуМәскеудегі дауыл салдары
Мәскеудегі дауыл салдары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеуде тұрған дауыл салдарынан 11 адам қаза тауып, жүздеген талдар құлады, әуежайлардағы рейстер кейінге шегерілді

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Он бір адам Мәскеудегі дауылдың құрбаны болды, деп хабарлайды РИА Новости елордалық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасай отырып. 

"Мәскеуде тұрған дауылды жел салдарынан 50-ден астам адам медициналық көмекке жүгінді, олардың арасында балалар да бар", — деп ақпараттандырды департаментте. 

Зардап шеккендерді он мәскеулік ауруханаға жеткізді. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Дауыл 600-ге жуық талды құлатты. 

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуМәскеудегі дауыл салдары
Мәскеудегі дауыл салдары - Sputnik Қазақстан
1/2
Мәскеудегі дауыл салдары
© Sputnik / Корниенко Евгения / Медиабанкке өтуМәскеудегі дауыл салдары
Мәскеудегі дауыл салдары - Sputnik Қазақстан
2/2
Мәскеудегі дауыл салдары
1/2
Мәскеудегі дауыл салдары
2/2
Мәскеудегі дауыл салдары

Елорданың жедел қызметіндегі дереккөздің хабарлауынша, құлаған тал екі адамды ажал құштырды, ал желмен жұлып әкетілген қаңылтыр табағы бір адамды басып өлтірді.

Бұдан бөлек құрылыс алаңында мұнаралы кран құлады, 200-ден астам тал сынып, олардың бірі шағын автобустың үстіне түсті. Мәскеудің басқа бөлігінде қоршау жанында тұрған көлікке құлады.

Сондай-ақ құлаған талдардың кесірінен Внуково әуежайына қатынайтын экспресстердің қозғалысы қиындатылды. 


Жаңалықтар
0